Рухани: Иран Үндістанмен жан-жақты байланыстырын кеңейту үшін ешқандай шек қоймайды
ИИР-ның президенті Теһранның Үндістанмен жан-жақты байланыстарын кеңейту үшін ешқандай шек қоймайтынын, әрі байланыстарға серпін беру үшін кез-келген бастаманы қолдайтынын айтты.
ИИР-ның президенті Хасан Рухани сенбі күні Нью-Делиде Үндістан СІМ Сушма Свараджбен кездесуде екі ел байланыстары мен серіктестіктерін бұрынғыдан кеңейтіп, нығайту үшін кең ауқымды тәжірибе мен мүмкіндіктерге ие екенін айтты.
ИИР-ның президенті Азия аймағындағы Иран мен Үндістан сияқты үлкен әрі ықпалды екі елдің байланыстарын кеңейтуді екі елдің халқы мен бүкіл аймақ үшін пайдалы деп бағалап: «Екі елдің тарихи және мәдени көптеген тартымдылықтарына назара аударып, Иран мен Үндістан халықтарының барыс-келістерінің үдерісін жеңілдету маңызды» деді.
Үндістан СІМ Сушма Сварадж елінің ИИР-мен байланыстарын барлық салада нығайтуға мүдделі екендігін айтты.
Сушма Сварадж Иран мен Үндістанның жоғары деңгейлі басшыларының екі елдің астаналарына келуін байланыстардың жоғары деңгейінің белгісі деп атап, екі ел байланыстарының барлық салаларда кеңеюіне үміт білдірді.