Иран мен Үндістан 26 баптан тұратын ортақ мәлімдеме жариялады
(last modified Sun, 18 Feb 2018 10:49:13 GMT )
Ақп 18, 2018 16:49 Asia/Almaty
  • Иран мен Үндістан 26 баптан тұратын ортақ мәлімдеме жариялады

ИИР мен Үндістан 26 баптан тұратын ортақ мәлімдемеде әртүрлі салалар бойынша ынтымақтастықты жан-жақты дамыту қажеттігін қуаттады.

Иран мен Үндістанның «Көбірек байланыс арқылы бақыт жолына қадам басу» атты ортақ мәлімдемесі ИИР Президенті Хасан Руханидің Үндістан сапарының соңында жарияланды. Ол бойынша, екі ел барлық деңгейлерде екіжақты кездесулер өткізуін жалғастыру арқылы қазіргі жоғары деңгейді одан ары дамытуға келісті.   

Осы мәлімдемеде Иран мен Үндістан екі елдің аймақтық және трансаймақтық  деңгейде көпжақты қатынастарды жоғарылатуда бірегей рөл атқарылатыны қуатталды, сондай-ақ, Чабаһар айлағының толық іске қосылғанын және оның Ауғанстан мен Орта Азия елдерімен байланысын ескере отырып, Үндістан Заһедан-Чабаһар темір жол желісін дамытуды қолдауға дайын екенін жариялады.

Үндістан мен Иран басшылары, сондай-ақ, осы мәлімдемеде лаңкестік пен қатігез экстремизм тудырған түйткілдерді анықтаумен  қоса,  өздерінің кез келген қалып пен мазмұндағы лаңкестікпен күресуге міндетті екендіктерін қуаттады.

Үнді жағы осы мәлімдемеде «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының толық орындалуын және Иранның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын қолдайтынын тағы қуаттады.