Орталық Азия елдерінің президенттері Теһран-Ясудж ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты
(last modified Tue, 20 Feb 2018 03:07:26 GMT )
Ақп 20, 2018 09:07 Asia/Almaty
  • Орталық Азия елдерінің президенттері Теһран-Ясудж ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан президенттері Иран президентіне жолдаған жеке хабарламаларында жолаушы тасымалдайтын ирандық ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына және Иран үкіметіне көңіл айтты.

Fars хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жолдауында: «Жолаушы тасымалдайтын ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Иран азаматтарының қаза тапқаны біздің үлкен өкінішімізге себеп болды. Қайғыға ортақтастық білдіріп, құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтып, Алланың дәргейінен оларға сабыр тілейміз» деді.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков те Иран президенті Хасан Руханиге жіберген жолдауында: «Қырғызстан халқы мен үкіметінің атынан Иран үкіметі мен халқына жолаушы тасымалдайтын ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтамын» деді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ұшақ апатына байланысты Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.