Арақчи: "Ортақ қадамның" Иранның зымырандық мәселесіне қатысы жоқ
Иран СІМ саяси істер жөніндегі орынбасары: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының басқа мәселелерге, атап айтқанда зымырандық мәселеге қатысы жоқ. АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзуға бағытталған әрекеттеріне байланысты Иран бұл келісімнен әлі ешқандай пайда көрмеді",- деді.
Аббас Арақчи Ұлыбританиядағы Chatam House корольдік институтында: ""Ортақ қадам" келісімінің Сирия, Йемен, Иранның зымырандық мәселесі секілді тақырыптарға ешбір қатысы жоқ. Бұл тақырыптарды көтеру мәселелердің шиеленісуіне соқтырады",- деді.
Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасары Иранның ешқашан ядролық қару жасауды көздемегенін және көздемейтінін баса айтып: "Сенім пайда болуы үшін Иран "Ортақ қадамға" сәйкес міндеттемелеріне берік болды. Алайда АҚШ міндеттемелерін бұзып, "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты сенімсіздік кеңістігін қалыптастырды",- деді.
Арақчи "Ортақ қадам" бағдарламасынан ешбір пайда көрмейтін болса, Иранның бұл келісімнен шығатынын баяндап: "Иран аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды көздеп, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату үшін көп көмек көрсетті",- деді.