Сириялық қарсыластар даиштіктерді Шығыс Ғутеге жіберетіндіктерін мойындады
Сириялық қарсыластардың дереккөзі америкалық әскерилер Сирия армиясының Шығыс Ғутені тазалау мақсатындағы жобасын жүзеге асыртпау үшін ДАИШ лаңкестік тобының мүшелерін осы аймаққа жіберетіндіктерін көздеп отырғанын мойындады.
Иран студенттерінің хабар агенттігі ISNA-ның «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, қарсыластарға қарасты Сирияның адам құқығы орталығының басшысы Ахмад Хазем Сирия армиясының аймақты тазалаудағы жобасы сәтсіздікке ұшырауы үшін Американың ДАИШ пен басқа да лаңкестік топтарды алдымен Шығыс Ғутеге ауыстыруды көздеп отырғанын мойындады.
Almayadeen телеарнасы да Батыс елдерінің БАҚ-ның, әсіресе Американың Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу мақсатындағы келіссөздерді жеңіліске ұшырату мақсатындағы Риф-Дамасктегі Шығыс Ғутенің жағдайы туралы жанжалдарына сілтеме жасап: «ДАИШ жойылғаннан кейін Американың Сириядағы мақсаты Евфрат өзенінің шығыс жағалауында қалу үшін соғысты созып, осы елді жіктеу деген екі мәселеге шоғырланды» деді.