Нетаньяху Трампты АҚШ-тың елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру рәсіміне қатысуға шақырды
Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сенбі күні АҚШ-тың елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру рәсімін өткізу күнін белгілеуді қолдайтынын айтып, АҚШ Президенті Дональд Трампты осы елдің басып алған Құдстағы елшілігінің ашылу рәсіміне қатысуға шақырды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Хизер Нойерт жұма күні кешке 2018 жылдың 14 мамырында АҚШ-тың елшілігі Тель-Авивтен басып алған Құдсқа көшіріледі деп хабарлады.
Сионистік режимнің демеушісі америкалық миллиардер әрі көптеген түнгі клубтардың иесі Шелдон Адельсон АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен басып алған Құдсқа көшірілуіне жұмсалатын қаражаттың бір бөлігін қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
Дональд Трамптың инаугурациясына 5 млн доллар қаржылай көмек берген Адельсон АҚШ-тың Республикашылдар партиясының ең ірі қаржылай демеушілерінің және сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың нағыз қолдаушылардың бірі саналады.
Иранға қарсы әсіре ұстанымдарға ие Шелдон Адельсон 2013 жылы 22 қазан күні Нью-Йорктің Иешива университетінде АҚШ Президенті Дональд Трампқа Иранды атом бомбасымен бомбалауға ұсыныс жасаған болатын.