Трамп мұғалімдерді қаруландыру қажеттігін қуаттады
АҚШ Президенті қару тасымалдау мәселесіне қатысты ұстанымын қайталап, еліндегі мектеп мұғалімдерінің қарулану қажеттігін қуаттады.
Hill басылымының ғаламтор базасының жазуы бойынша, Дональд Трамп өз ұстанымын қуаттап: "АҚШ мектептерінің мұғалімдері өздерін оқушылардан қорғау үшін қарулануы керек",- деді.
Трамп бұл сөздерін "Қарудан ада аймақ" деген тақырыпқа қатысты "Fax News"-ке берген сұхбатында айтып: "Қарудан ада аймақ – халықты нысанаға алатын жаттығудың нысаны сияқты",- деген уәж айтты.
Трамп сөзінің жалғасында Флорида штатындағы Парклэнд мектебінде орын алған оқ атысты еске салып: "Егер оқ атқан адам бұл мектептің мұғалімдерінің қарулы екендігін білгенде, бұл жерге аяқ баспайтын еді",- деді.
Жыл сайын АҚШ-та мыңдаған адам оқ атысынан қаза болады. Осы уақытқа дейін ешбір үкімет бұл мәселені шеше алмады.