АҚШ-тың өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшірудің мерзімін белгілеу әрекеті айыпталды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы АҚШ-тың өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру үшін мерзім белгілеу түріндегі арандатушы әрекетін айыптады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы мәлімдеме жариялап: "АҚШ-тың өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру үшін мерзім белгілеуді талап етуі арандатушы әрекет саналып, ислам және араб үмбеті мен Палестина халқының сезімдерін жаралайды.
АҚШ үкіметі мен сионистік режимнің басып алынған жерлердегі әрекеттері Палестина халқының тарихи шындықтарын ешқашан бұрмаламайтыны және Құдсты басып алушы режимге заңдылық бермейтіні күмәнсіз",- деп жазылған.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы әлем мемлекеттерінің Парламенттері, халықаралық ұйымдар, Еуропа Парламенті, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мен Қосылмау қозғалысынан АҚШ-тың араласушылық сипаттағы аймақты сионистік режиммен соғысқа душар етуі мүмкін шешімін айыптап, АҚШ үкіметінің ұстанымын өзгерту үшін тиісті шара қолдануды сұрады.