Путин Ресейдің қару-жарақ бағдарламасына қол қойды
https://itolqyn.com/news/world-i35119
Ресей премьер-министрінің орынбасары президенттің қару-жарақ бағдарламасына қол қойғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2018 21:14 Asia/Almaty
  • Путин Ресейдің қару-жарақ бағдарламасына қол қойды

Ресей премьер-министрінің орынбасары президенттің қару-жарақ бағдарламасына қол қойғанын хабарлады.

Спутник хабар агенттігінің мәліметі бойынша Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин ел президенті Владимир Путиннің робототехника, жасанды интеллект, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар мен сапалы қару-жарақты құрайтын әскери қару-жарақ бағдарламасына қол қойғанын хабарлап, жаңа бағдарламаның Сирия соғысы жағдайындағы әскери қару-жарақты қолдану тәжірибесі негізінде дайындалғанын айтты.

Ресей премьер-министрінің орынбасары сөзінің жалғасында НАТО-ның әскери әлеуеті мен әлемнің барлық жерін нысанаға ала алатын Американың шабуылдаушы ультрадыбысты зымырандық кешені мен ядролық қару-жарақ жүйелерінің орнатылғанына көзжұмбайлық танытпау  қажеттігін қуаттады .

Ресей премьер-министрінің орынбасары жалпы алғанда қару-жарақтың 200 астам түрінің сынақтан өткізілгенін айтты.  

Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Шевцова да 2017 жылдың қараша айында Мәскеудің жаңа әскери қару-жарақ бағдарламасының құны 325 млрд долларды, үйлестірілген жүйесінің 17 млрд долларды құрағанын айтқан болатын.