Иранның Сыртқы істер министрі Сербияның Премьер-министрімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i35147
Сербияның Премьер-министрі мен Иранның Сыртқы істер министрі кездесіп, екіжақты қатынастың әртүрлі қырлары туралы сұхбаттасты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 27, 2018 20:33 Asia/Almaty
  • Иранның Сыртқы істер министрі Сербияның Премьер-министрімен кездесті

Сербияның Премьер-министрі мен Иранның Сыртқы істер министрі кездесіп, екіжақты қатынастың әртүрлі қырлары туралы сұхбаттасты.

Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Сербияның Премьер-министрі Ана Брнабичпен кездесуінде тараптар екіжақты байланысты кеңейту жөнінде пікір алмасты.

Екі елдің халықаралық қауымдастықтағы ынтымақтастығы, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту, парламентаралық, университетаралық, әскери, ғылыми, мәдени әріптестіктерді дамыту,  ауыл шаруашылығы мен дамыған технологиялар бойынша тәжірибе алмасу және Косово мәселесі Иран Сыртқы істер министрі мен Сербияның Премьер-министрі сұхбатының негізгі өзегі болды.