Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың Иранға қарсы жобасы сәтсіздікке ұшырады
АҚШ өзі мен Сауд Арабиясының Йемен халқына қарсы қылмыстарын жасыру үшін Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы айыптау жобасын бекітіп, қоғамдық пікірді Йемендегі ащы шындықтардан бұрмалағысы келді. Бірақ бұл жолы да АҚШ-тың әрекеттері тығырыққа тірелді.
АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ұлыбритания ұсынған қарардың жобасын қолдап, Йемендегі соғысты жалғастыруын жасыру үшін Иранды айыптады. Бірақ бұл қарарға Ресей вето құқығын пайдаланды.
Лондондағы Иранның елшісі Хамид Баидинежад Твиттердегі парақшасында: "АҚШ Иранды Йеменге қарсы санкцияларды бұзушы етіп көрсетіп, зымырандық мәселені сылтауратып, Йеменге қарсы №2231 қарарды іске асырып, Иранның зымырандық тақырыбын Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс кестесіне енгізу, сондай-ақ Иранды қарарды бұзушы деп, бұл елге қарсы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа санкцияларын енгізуге жағдай жасау сынды үш мақсатты көздеді",- деп жазды.
Иранның Йеменге қару-жарақпен көмек көрсетуі туралы уәждер өткен жылдың қараша айында Йеменнен Рияд әуежайына қарай зымыран атылғаннан кейін басталды.
БҰҰ-ындағы АҚШ елшісі Никки Хейли өткен қаңтар айының соңында Пентагонда зымыранның бөлшегін көрсетіп, соны «Йеменге Иран жіберді" деген уәж айтып, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне өзінің уәждерін дәлелдеуге талпыныс жасады. Бірақ Хейлидің теріс әрекетінің аяқталуынан бір сағат өтпей-ақ, АҚШ-тың қорғаныс саласының бірнеше қолбасшысы оның Иранға қарсы уәждерін теріске шығарды.
АҚШ-тың қару-жарақты бақылайтын одағының басшысы Дарил Кимбол Твиттердегі парақшасында: "Ақ үйдің Иранның Таяу Шығыстағы қақтығыстардағы рөліне қатысты алаңдаушылықтарға халықаралық қолдауға ие болуы және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, қайтадан ядролық санкциялар салу туралы ойлауы – ақымақтық",- деп жазды.
АҚШ пен Сауд Арабиясы соңғы жылдары бір-бірімен ең көп қару келісімдерін жасап, Йемен халқын күн сайын нысанаға алып отырған бүкіл зымырандар мен бомбалардың, соның ішінде тыйым салынған кассеталық бомбалардан АҚШ қару-жарақ компаниясының белгілері байқалады.
Зарифтың айтуынша, "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында орын алған жайт жаман қойылым әрі Йеменге шабуыл жасаған мемлекетті қолдау болды".
Иран Йемендегі дағдарыс басталғаннан бері бұл ел дағдарысының тек саяси жолмен шешілетінін қуаттап, осыған орай төрт баптан тұратын жоба ұсынды. Бұл жобада Йемендегі соғысты жылдам тоқтату, гуманитарлық көмек жіберу, йемендік топтар арасында келіссөздер жүргізу, сондай-ақ, көршілес елдермен жақсы қарым-қатынас орната алатын үкімет құру қуатталды. Бірақ, АҚШ соғыс пен халықтарды жоюдан басқа еш нәрсені ойламайды.
АҚШ жазушысы және адам құқығы саласының белсендісі: "АҚШ БҰҰ-ында зымыран көрсетудің орнына Сауд Арабиясына сатылған төрт америкалық кеме мен елдің ішіне азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберуге кедергі жасап отырған қоршауға алынған порттың қасында суретке түскені жөн болар еді",- деді.