Зарифтің Балқан түбегіне сапары аяқталды
Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зарифтің Балқан түбегі елдеріне сапары жұма күні Босния мен Герцеговина сапарымен аяқталды.
Зариф Босния мен Герцеговина сапарының соңында Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Сербия, Болгария, Хорватияға жасаған табысты сапарлардан кейін, бүгін Сараевода барлық босниялықтармен терең байланыстарды нығайтуға беріктігімізді мәлімдедік",- деп жазды.
Иранның саясаты алуан түрлілік пен түрлі әлеуеттерді пайдалана отырып, қатынастарды дамыту болып табылады. Зарифтің Балқан түбегі елдеріне жасаған сапары осы елдер басшыларының Иранға сапарына жауап болуымен қатар, әсіресе экономикалық мәселелерге қатысты қатынастарды дамыту үшін жаңа мүмкіндік саналады.
Сыртқы саясаттың стратегиялық кеңесінің бас төрағасы Абдулреза Фараджирад Зарифтің Балқан түбегі мен Шығыс Еуропаға сапарын Теһран мен осы елдермен қатынастарындағы бетбұрысты кезең деп атап: "Біз бұл аймақ үшін арнайы стратегия ұстанып, осы елдердегі мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек.
Балқан түбегі елдері бұрынғымен салыстырғанда дамып, өркендеген. Бірақ, олардың барлық қажеттіліктері әлі толық қамтамасыз етілмеген. Сондықтан олар қазір Иранмен экономика саласында әрекеттестік жасауға мүдделі болып отыр",- деді.
Энергетика Балқан түбегі мен Шығыс Еуропа аймағында шешілмеген мәселе саналады. Сол себепті Зарифтің осы елдерге сапарында өткізген келіссөздерінің негізгі тақырыптарының бірі энергетика саласында ынтымақтастық жасау болды.
Мұхаммад Джавад Зариф Босния мен Герцеговинаның президенттік кеңесінің мүшесі Бағер Эззат Беговичпен Сараеводағы кездесуінде: "Иран Босния мен Герцеговинаны энергетикамен сенімді түрде қамтамасыз ете алады",- деп баса айтты.
Соңғы бірнеше жылда Батыс Еуропа елдері, әсіресе Франция, Германия, Италия мен Ұлыбритания басшыларымен екіжақты сапарлар мен кездесулер өтті. Бұл Иранның Ислам Ынтықмақтастық Ұйымы, Орта Азия, Кавказды қамтитын 400 миллиондық нарықтың қақпасы, тіпті субконтинент пен Оңтүстік-батыс Азияның негізгі бағыты саналатын жағдайда орын алып отыр. Бұл мүмкіндіктер тек нақты аймақтармен ғана шектелмеуі тиіс.
Польшадағы Иранның бұрынғы елшісі және Еуропа мен АҚШ істері жөніндегі сарапшы Самадәли Лакизаденің пайымдауынша, соңғы жылдардағы Шығыс Еуропа мен Иран басшыларының сапарлары тараптардың ынтымақтастықтар мен жан-жақты, әсіресе сауда-саттық пен экономикалық саладағы қатынастарды кеңейту үшін өзара қызығушылығын көрсетіп отыр.
Иран қазіргі таңда сыртқы қатынастар саласындағы даму мен әркелкілікке жеткізетін бағытта әрекет етіп келеді. Саяси-экономикалық қатынастар шеңберінің кеңеюі сыртқы саясат саласындағы табыстың айқын көрсеткіші саналады. Халықаралық қатынастар саласында бір маңызды принцип бар: шағын немесе үлкен мемлекеттер халықаралық сахнада өздеріне тән ерекше салмаққа ие. Олар өздерінің ортақ мақсаттарына қол жеткізу үшін бірігіп, қуатты бірлестікке айнала алады. Зарифтің Балқан түбегіне сапарын саяси-экономикалық мақсаттар тұрғысынан табысты сапар деп бағалауға болады.