Әлем басшылары ядролық терроризм қаупі туралы ескерту жасады
Әлем елдері басшыларының бірқатары ядролық терроризм қаупінің таралуы туралы ескерту жасады.
«France Press» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ядролық қауіпсіздік саммитына қатысу үшін Вашингтонда АҚШ Президенті Барак Обаманың қабылдауында болған әлемнің 50-ге жуық басшысы жұма күні осы саммиттің қорытынды мәлімдемесінде ядролық терроризмнен туындайтын қауіп-қатерлердің артуын алаңдатарлық деп атап: «Мемлекеттік емес ұйымдардың зиянды мақсатта қолдануы ықтимал ядролық және радиоактивті құрал-жабдықтарға қолжетімділігіне тосқауыл қою үшін көптеген шаралар атқарылуы тиіс»,-деп баса айтты.
АҚШ Президенті Барак Обама да Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммиты аясында ДАИШ лаңкестік тобы тәкфиршілерінің ядролық шабуыл жасау қаупі туралы ескерту жасап, ядролық қауіпсіздікті нығайту үшін әлем елдерінің көбірек әріптестік жасауын қалайтынын білдірді.
Барак Обама жұма күні баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде, сондай-ақ: «АҚШ Иранның ядролық келісім негізінде санкциялардың азаюын толығымен пайдалана алмайтындығы туралы кейбір алаңдаушылықтарын жояды»,-деді.