БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі Сирияның Ғуте аймағына қатысты қарар бекітті
БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі қарар бекітіп, Дамасктің Шығыс Ғуте аймағының жағдайын тез арада анықтауды сұрады.
Frans Press агенттігі Женевадан: "БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі дүйсенбі күні қарар бекітіп, Шығыс Ғуте аймағының жағдайын тез арада анықтауды және бұл аймаққа гуманитарық көмек жіберуге жағдай жасауды сұрады» деп хабарлады.
Осы мәлімдемеге сәйкес, кеңес бекіткен қарарда мамандарының Шығыс Ғуте аймағында жуырда орын алған апат туралы тәуелсіз зерттеу жүргізуіне дауыс берген.
Аймақта өмір сүретін 27500 адам үшін гигеналық-медициналық қажеттіліктер, ұн, азық-түлік тиелген жүк тасымалдайтын 46 көліктен тұратын БҰҰ-ның гуманитарлық көмек керуені дүйсенбі күні Шығыс Ғутенің дарбазасына жетті.