Наджафи: Америка «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асыруға бүлдіргі қатынас көрсетіп отыр
(last modified Wed, 07 Mar 2018 17:31:57 GMT )
Нау 07, 2018 23:31 Asia/Almaty
  • Наджафи: Америка «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асыруға бүлдіргі қатынас көрсетіп отыр

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иранның өкілі Американың «Ортақ қадам» келісімінің мәтіні мен рухына қайшы Иранның мүдделерін шектеу арқылы осы келісімді табысты жүзеге асыру үдерісін әлсірету үшін бүлдіргі қатынас ұстанып отырғанын айтты.

Реза Наджафи сәрсенбі күні Венада Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Басқарма кеңесінің маусымдық отырысында сөйлеген сөзінде Агенттік тарапынан қатарынан оныншы рет расталған «Ортақ қадам» келісімі шеңберіндегі Иранның ядролық бағдарламасының жалғасуына тоқталып: ««Ортақ қадам» келісімінің басқа тараптарының, әсіресе Американың міндеттемелерін орындау жағдайы үмітсіздік тудырады. «Ортақ қадам» келісімі біржақты келісім емес. Келісімнің барлық тараптары өздерінің міндеттемелерін ешбір шартсыз орындаған жағдайда ғана Иран өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады» деді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иранның өкілі сонымен қатар сионистік режимнің уәждеріне берген жауапта: ««Ортақ қадам» келісімінің қортындылануына кедергі жасауда ешбір талпыныстан аянып қалмаған бұл режимнің қатты таңданыс тудырып, «Ортақ қадамға» алаңдаушылық білдіруі күлкілі жағдай» деді.