Путин Америкаға қарсы ядролық шабуыл жасауға жүгінудің шартын түсіндірді
Ресей президенті Америкаға қарсы ядролық шабуыл туралы өзінің бірнеше күнгі сөзін нақтылап: «Мәскеу бұл істі тек зымырандық шабуылдарға жауап ретінде ғана жүзеге асырады» деді.
Sputnik хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Ресейдің ядролық қаруларды қолдану бойынша теориялық бағдарламасының тек зымырандық шабуылдарға жауап ретінде ғана жүзеге асырылатынын баса айтып: «Халықаралық қауымдастық Ресейдің ядролық қаруды тек жауап ретінде ғана қолданатынын білуі керек. Ядролық қару қолдану туралы шешім Ресейдің қорғаныстық кешендері бұл елге қарсы зымыранның атылғанын ғана емес, сонымен қатар олардың бағыты мен атылған уақытын да тіркеген уақытта ғана қабылданады. Америкамен салыстырғанда Ресей өзінің ядролық қаруларын басқа елдерге қарсы еш уақытта қолданған емес» деп мәлімдеді.