БАӘ мен саудиялық офицерлер соғыс қылмыскерлерінің тізіміне енді
(last modified Mon, 12 Mar 2018 09:49:10 GMT )
Нау 12, 2018 15:49 Asia/Almaty
  • БАӘ мен саудиялық офицерлер соғыс қылмыскерлерінің тізіміне енді

Адам құқықтары жөніндегі бір топ Нидерландыдағы БҰҰ-ның Гаага Халықаралық сотына БАӘ мен Сауд Арабиясының жоғары шенді офицерлерінің Йеменде соғыс қылмыстарын жүзеге асырғанын дәлелдейтін ақпарат ұсынды.

Fars ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, соғыс қылмыскерлерін қудалау жөніндегі әлемдік желісі соғыс қылмыскерлерінің тізіміне Сот алдында тергелуі үшін он адамның есімін қосқанын мәлімдеді. Олардың ішіндегі алтауы – БАӘ мен Сауд Арабиясының жоғары шенді офицерлері.

Соғыс қылмыскерлерін қудалау жөніндегі әлемдік желісінің мәліметіне сәйкес, қылмыскерлер Йемендегі қылмыстары кезінде жөнсіз құрықтау, тұтқынға алу және жыныстық, психологиялық тұрғыдағы тәсілдер мен электр есеңгіреткішті пайдаланудан тайынбаған.

Осы хабарламаға сәйкес, мыңдаған бейбіт тұрғынның жан тапсыруына соқтырған Йемендегі кейбір аурулардың таралуы Йемендегі соғыс қылмыскерлері жүзеге асырған басқа қылмыстардың қатарын құрайды.

Сауд Арабиясының Йеменде соғыс отын өршітуі қазірге дейін он мыңдаған адамның қаза болып, жарақат алуы мен миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына соқтырды.