АҚШ Украина мен Грузияның НАТО-ға мүшелікке кіруіне қарсылық білдірді
(last modified Mon, 12 Mar 2018 10:40:32 GMT )
Нау 12, 2018 16:40 Asia/Almaty
  • АҚШ Украина мен Грузияның НАТО-ға мүшелікке кіруіне қарсылық білдірді

АҚШ Мемлекеттік департаментінің Украина істері жөніндегі өкілі Украина мен Грузияның Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымына (НАТО) мүшелікке кіруіне қарсылық білдірді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Украина істері жөніндегі өкілі Курт Волкер жексенбі күні: "Украина мен Грузия НАТО-ға мүшелікке кіруге дайын емес",- деп мәлімдеді.

Украинаның Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымына мүшелікке кіруіне алғашқы қадам жасалған жағдайда АҚШ Украина мен Грузияның осы ұйымға мүшелікке кіруіне қатысты қарсылық білдіріп отыр.

НАТО Украинаны "өтініш беруші ел" деңгейіне көтерді. Бұл іс осы елдің аталмыш әскери ұйымға ресми түрде мүшелікке кіру үдерісіндегі алғашқы қадам саналады.