Иранның Ішкі істер министрі: Есірткі мәселесін шешетін жол – әлемдік ынтымақтастық
https://itolqyn.com/news/world-i35495
ИИР-ның Ішкі істер министрі әлемдік есірткі мәселесін шешетін жолды әлемдік жігер мен жанама және саяси мәселелерден алыстап, ынтымақтастықтарды тереңдету деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 13, 2018 13:56 Asia/Almaty
  • Иранның Ішкі істер министрі: Есірткі мәселесін шешетін жол – әлемдік ынтымақтастық

ИИР-ның Ішкі істер министрі әлемдік есірткі мәселесін шешетін жолды әлемдік жігер мен жанама және саяси мәселелерден алыстап, ынтымақтастықтарды тереңдету деп атады.

Абд әр-Реза Рахмани Фазли дүйсенбі күні Венада өткен БҰҰ есірткі жөніндегі комиссияның 61 отырысында: "Иран есірткімен күрес саласындағы сәтті тәжірибелері негізінде сұм құбылысты тамырымен жою мақсатында ынтымақтастық жасауға әзір",- деді.

Рахмани Фазли БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес штабының 2017 жылы Ауғанстанда апиын өнімінің 87 пайызға артқаны туралы есебіне тоқталып: "Есірткінің басқа түрлерінің, соның ішінде психотропты дәрілердің контрабандасы да артты. Халықаралық ынтымақтастықтардағы екіжүзділік пен мәселені саясаттандыру есірткінің қоғамның саулығы мен тұрмысына қарсы қоқан-лоққыға айналып, мемлекеттердің экономикалық-қоғамдық негіздеріне қауіп-қатер тудыруына себеп болуда",- деп ескертті.