Зариф: Шекаралас елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы – Иранның қауіпсіздігі
(last modified Tue, 13 Mar 2018 08:30:03 GMT )
Нау 13, 2018 14:30 Asia/Almaty
  • Зариф: Шекаралас елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы – Иранның қауіпсіздігі

Иран Сыртқы істер министрі шекаралас елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының Иранның қауіпсіздігі екенін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Пәкістанның ақпарат құралдарына берген сұхбатта аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңыздылығын қуаттап, Иран мен Пәкістанның қарым-қатынастары туралы: "Саудиялықтар, егер әлем Сауд режимі Иран тарапынан қоқан-лоққы көріп отыр деп ойласа, олардың мүддесіне деп ойлайды. Иран Сауд Арабиясын аймақтың бір мемлекеті санайды. Сондықтан бұл ел аймақ өзгерістерінен бөлек болмауы керек",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі лаңкестердің Ирак пен Сирияға тигізген  орны толмас  шығындарына сілтеме жасап: "Иран мен Сауд Арабиясы  Ирак пен Сирияны қайта құруға инвестиция сала алады. Сондықтан бұл іс үшін өз мәселелерін келіссөздер арқылы шешуі керек",- деді.

Зариф Иран мен Үндістан қарым-қатынастары туралы айтқанда да Теһран-Исламабад арасындағы жақсы қарым-қатынастарға тоқталып: "Пәкістан мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасы Иранға қарсы болмағандай,  Иран мен Үндістанның қарым-қатынасы да Пәкістанға қарсылық білдіруді көздемейді",- деп баса айтты.