Ресей Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі отырысты сынады
Ресей Сыртқы істер министрі қатысушылардың тең құқыққа ие болмауын осы елдің Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі отырысқа қатыспауының себебі деп атады.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммиттің Вашингтонда өткізілуіне сілтеме жасап: «Осы отырысқа қатысушылардың тең құқыққа ие болатындығына ешқандай кепілдік болмады. Сондықтан Ресей отырысқа қатыспады. Америка аталмыш отырысты өткізу арқылы БҰҰ, Интерпол және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің орнын баспақ болды» деп, өзге елдердің шақыруды қабылдауын және осы отырысқа қатысу жөніндегі шешімін құрметтейтінін ескерді. 50-ден астам елдің басшылары мен төрт халықаралық ұйымның өкілдері әлемде ядролық қауіпсіздікті күшейтуді қуаттап, Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі отырысқа қатысты.