Нау 17, 2018 22:05 Asia/Almaty
  • Аракчи Reuters агенттігінің қауесет тудыруына реакция білдірді

ИИР СІМ-нің саяси істер бойынша орынбасары жұма күні түнде Венада Reuters агенттігінің «Еуропалықтар Иранға санкция салуды мақсат етуде» деген уәждеріне реакция білдіріп: «Еуропалықтар "Ортақ қадам» бағдарламасын сақтап, санкцияларды жоюды қалайды» деді.

Reuters хабар агенттігі жұма күні "Ұлыбритания мен Германия және Франция Америка Президенті Дональд Трампты Иран мен «алтылық» тобының ядролық келісімінде қалдыру үшін Еуропа Одағына Иранға қарсы санкция салу туралы ұсыныс жасады" деген хабар жариялады.

IRNA-ның хабарлауы бойынша Сейед Аббас Аракчи: "Еуропалықтар да екі жақты кездесулер мен «Ортақ қадам» келісімінің ортақ отырысында аталмыш келісімді қатаң сақтауды, «Ортақ қадамға» сәйкес санкцияларды жоюдың барлық жайттарының күшін сақтап, Иран соларды жоюдың пайдаларын көруі керектігін шынайы түрде қуаттады. Дегенмен, Америка президентінің ризашылығына бөленуді көздеп, Иранға қарсы ядролық тақырыптан тыс санкция салу сынды әрекеттерге мүдделік танытатын еуропалық кейбір елдер қатты қателеседі. Олар істерінің тікелей салдарын «Ортақ қадам» келісімі мен осы келісімнің ғұмырының жалғасуынан көреді» деді.

 

Тегтер