Путин тағы алты жылға Ресей президенті болып сайланды
Жексенбі күнгі Ресейде өткен президенттік сайлаудың 99 пайыз дауысын санаудың алғашқы нәтижелеріне сәйкес, Владимир Путин айқын жеңіске жетіп, келесі алты жылға Ресей президенті болып сайланды.
Ресейдің Сайлау комитетінің мәлімдемесіне сәйкес, дауыстардың 99 пайызын санаудың нәтижесінде сайлауға қатысқандардың 76,75 пайызы Путинге дауыс берген.
Ресейдің Орталық Сайлау комитетінің мәліметі бойынша сайлау кезінде Путинге 55 миллион адам дауыс берген. Бұл көрсеткіш Кеңес одағынан кейінгі президентікке үміткер жинаған ең үздік нәтиже саналады.
Ресей президенттігіне үміткер Үкіметтегі барлық өзгерістердің ұлықтау рәсімінен кейін жүзеге асырылатынын баса айтты.
Ресей президенті өз елінің Сергей Скрипальдың улану жағдайына қатысы бар деген уәжді теріске шығарып: "Егер бұрынғы ресейлік тыңшыны уландыру үшін газ қолданған жағдайда бұл оқиға салдарынан көптеген адам жан тапсыратын еді",- деді. Ол сондай-ақ, Ресейдің Скрипаль мен қызының улану оқиғасын тергеуге байланысты Ұлыбританиямен әріптестік жасауға әзір екендігін мәлімдеді.