Еуропаның "Ортақ қадамға" қатысты тұрақсыз саясаты мен АҚШ-тың қысымдары
(last modified Mon, 19 Mar 2018 15:39:41 GMT )
Нау 19, 2018 21:39 Asia/Almaty
  • Еуропаның

Кейбір еуропалық елдердің Трампты Иранмен арадағы ядролық келісімде қалуға көндіру үшін Иранға қарсы санкциялар қатарына жаңа санкциялар жобасын әзірлеуге талпынысы Еуропа мен АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасы аясындағы екіұшты әрекеттеріне жаңа аспект сыйлады.

Кейбір еуропалық елдердің Трампты Иранмен арадағы ядролық келісімде қалуға көндіру үшін Иранға қарсы санкциялардың қатарына жаңа санкциялар жобасын әзірлеуге талпынысы Еуропа мен АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасы аясындағы екіұшты әрекеттеріне жаңа аспектілер қосты.

Еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Иранның есебі арқылы сақтап қалуға талпыныс жасап жатыр.

Кейбір еуолпалық мемлекеттер, соның ішінде Франция "Ортақ қадамға" өзінің экономикалық мүдделері тұрғысынан қарап отыр. Францияның сырттай ядролық келісімді толық жүзеге асыру қажеттігін баса айтуының себебі де осында. Еуропа одағы Трамптың "Ортақ қадамға" қарсы ұстанымдарының алдында барлық жайттарда АҚШ-пен бағыттас және пікірлес еместігін көрсетуге талпыныс жасап жатыр. Бұған қарамастан Еуропа одағына мүше елдердің арасында бір ұстаным қалыптасқан деп кесіп айту мүмкін емес.

Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Диако Хусейни Еуропаның Иранның зымырандық бағдарламасына қатысты ұстанымдарының АҚШ-қа жақындауы туралы: "Еуропалықтар Иранның зымырандық бағдарламасының аймақ үшін қауіп төндіретіндігімен толық келісіп, осы мәселеге қатысты бір көзқарас ұстанып отыр. Алайда бұл мәселемен күрес тәсіліне байланысты олардың арасында келіспеушілік бар",- деді.

Конргестің кейбір мүшелерінің пайымдауынша, егер еуропалықтар "Ортақ қадам" бағдарламасына байланысты ортақ келісімге келмейтін болса, мамыр айында АҚШ президенті ядролық келісімнен шығуы ықтимал.

АҚШ Сенатының Сыртқы қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Боб Коркер америкалық CNN арнасына берген сұхбатында Вашингтонның "Ортақ қадамнан" шығу ықтималдығы жайлы: "Егер еуропалықтармен "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты бір шешімге келмейтін болсақ, АҚШ президенті мамыр айында "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығады. Біздің еуропалықтармен бір келісімге келуіміз екіталай",- деп мәлімдеді.

Осы арада туындайтын сауал мынадай: Дональд Трамп Еуропаға қысымды арттыру арқылы Ираннан көбірек ұпай алып, оған азырақ ұпай беруді көздеп отыр ма?

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңестің хатшысы Әли Шамхани жуырда Оман Сыртқы істер министрі Юсуф бин Алавимен кездесуінде: "Иран "Ортақ қадам" бағдарламасын шектейтін кез келген өзгеріс енгізу, сараптау немесе жаңа әрекетті қабылдамайды",- деп баса айтты.

Шамхани сондай-ақ Еуропаның АҚШ пен сионистік режимнің ойын алаңында орналасуы мен олардың "Ортақ қадамды" сақтау қалу үшін бопсалауына байланысты ескерту жасап: "ИИР-дың тежегіш болмысқа ие қорғаныстық әлеуеті, әсіресе оның зымырандық бағдарламасы ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктер негізінде одан әрі жалғасады. Ал саяси және ақпараттық кеңістік оның жалғасуына мүлдем әсер етпейді",- деді.

АҚШ әлі күнге дейін Иранның "Ортақ қадамды" кез келген құнмен сақтап қалу үшін талпыныс жасамайтынын толық түсінбеген секілді көрінеді.

Осы жайттарды қарастыра келе назар аударатын мәселе мынада: Иран ядролық келіссөздер барысында келісімге жету үшін айтарлықтай жұмсақтық пен икемділік танытты. Егер ұпай беру тиімді болғанда, Иран сол ұпайлардан көптеген пайда мен мүддеге қол жеткізер еді. Бірақ олай болмады.