Хошру: Наурыз – ирандық мәдениеттегі ең тұрақты әрі кең таралған дәстүр
БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Наурыздың ирандық мәдениеттегі ең тұрақты әрі кең таралған дәстүр екендігіне тоқталып: "Бұл мәдениет әрқашан бейбітшілік пен достықты білдірді",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ғоламали Хошру сейсенбі күні БҰҰ-ның Нью-Йоркттегі орталығында 12 елдің қатысуымен өткен халықаралық Наурыз күнінің рәсімдерінде: "Наурызда жанұялар мен достар бір-бірімен көрісіп, өткен жылмен қоштасып, жаңа жылда бақыт тілейді",- деді.
БҰҰ Иранның тұрақты өкілі сонымен бірге Иранның әйгілі ақыны Хафиз Ширазидің өлеңін көктем мәдениетінің маңыздылығын көрсету үшін пайдаланып: "Хафиз Ширазидің өлеңдері Наурыз мейрамының рәсімдерінде ерекше орынға ие. Хафиздің өлеңдерін көп адамдардардың үйлерінен табуға болады. Халық оларды жатқа айтып, күнделікті өмірде пайдаланады. Өмірді зорлық-зомбылық және қайшылықпен жоймай, бір-біріне махаббат білдіріп, көмектесіп өткізген жөн",- деді.