Трамп Қытайға қарсы сауда соғысын бастады
https://itolqyn.com/news/world-i35722
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Қытайға қарсы бағытталған тарифтік шаралардың бірінші қадамында жаңа тарифтер енгізілетін қытайлық тауарлардың тізімін дайындауды талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 23, 2018 20:41 Asia/Almaty
  • Трамп Қытайға қарсы сауда соғысын бастады

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Қытайға қарсы бағытталған тарифтік шаралардың бірінші қадамында жаңа тарифтер енгізілетін қытайлық тауарлардың тізімін дайындауды талап етті.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Трамп өзінің бизнес өкіліне алдағы 15 күннің ішінде АҚШ-тың жыл сайын Қытайдан 60 миллиард долларға импорттайтын тауарларының тізімін жариялауды бұйырды.

Ақ үй Қытайды тауар өндіру үшін заңсыз жолдар арқылы АҚШ-тың технологиясына қол жеткізді  деп айыптады. АҚШ Президенті сонымен бірге Қытайды Американың 60 000 зауыты мен 6 млн жұмыс орнының жойылуына себеп болды деп кінәлады. АҚШ-тың Қытаймен арадағы импорты бұл елдің экспортынан артық.

Трамптың бизнес өкілі Роберт Лайтхайзер бейсенбі күні Сенатта болат пен алюминийге енгізілген жаңа тарифтердің Еуроодақ, Оңтүстік Корея, Канада, Мексика, Австралия, Бразилия және Аргентинаға  енгізілмейтінін мәлім етті.