АҚШ 10 ирандықты киберлік шабуыл жасады деп айыптады
АҚШ-тың Қаржы министрлігі ирандық бір ұйым мен 10 ирандықты киберлік жұмыстары және университеттерді нысанаға алды деп айыптап, оларға қарсы санкция салды.
Рейтерс агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде: "Әділет министрлігі мен Шетелдік қаржыларды бақылайтын орталықпен бірге бір ирандық ұйым мен осы елдің 10 азаматына санкция салынады",- деп жазылды.
АҚШ Қаржы министрлігі санкциялар салған бұл адамдарды АҚШ пен өзімен одақтас мемлекеттердің жоғары оқу орындарының, АҚШ үкіметі мен сол елдің жеке қызметкерлерінің компанияларының мәліметтерін ұрлады деп айыптады.
Британия үкіметі өз мәлімдемесінде АҚШ-тың жаңа санкцияларын қолдады.
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми АҚШ-тың әрекетін айыптап: "АҚШ үкіметі санкциялары арқылы Иран халқының ғылыми дамуына тосқауыл бола алмайды. Бұл АҚШ басшыларының Иран халқына деген дұшпандығының белгісі ",- деп баса айтты.