Дүниежүзілік қаржы қорының кеңсесінде Наурыз мерекесі тойланды
(last modified Wed, 28 Mar 2018 12:09:21 GMT )
Нау 28, 2018 18:09 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік қаржы қорының кеңсесінде Наурыз мерекесі тойланды

Дүниежүзілік қаржы қорының Вашингтондағы кеңсесінде Наурыз мерекесі тойланды.

Дүниежүзілік қаржы қорының кеңсесінде тойланған Наурыз мерекесіне осы халықаралық қордың басшысы Кристин Лагард та қатысты. Иранның осы қордағы өкілі Мұхаммад Джафар Моджаррад қатысушыларға қошемет білдіріп, Иран мәдениетіндегі Наурыз мекересіне қатысты рәсімдер мен "Һәфт син" дастарханы жайлы сөз сөйледі.

Ираннан тамыр алған Наурыз мерекесі әлемнің 12 елінде ресми түрде тойланады. Бұл мейрам Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан және Албания елдерінде "Наурыз" атауымен ресми күнтізбеге енгізіліп, демалыс күні болып жарияланған.

БҰҰ Бас ассамблеясы 2010 жылдың 23 ақпанында қарар бекітіп, 21 наурызды БҰҰ Жарғысының 49-шы бабы аясында "Дүниежүзілік Наурыз күні" деп белгіледі.