Қытай АҚШ-тың сауда тәсілінің теріс салдарына қатысты ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i35810-Қытай_АҚШ_тың_сауда_тәсілінің_теріс_салдарына_қатысты_ескерту_жасады
ҚХР Сауда министрлігінің ақпарат өкілі АҚШ-тың сауда тәсілінің теріс салдарына қатысты ескерту жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 29, 2018 17:13 Asia/Almaty
  • Қытай АҚШ-тың сауда тәсілінің теріс салдарына қатысты ескерту жасады

ҚХР Сауда министрлігінің ақпарат өкілі АҚШ-тың сауда тәсілінің теріс салдарына қатысты ескерту жасады.

ҚХР Сауда министрлігінің ақпарат өкілі Гао Фэн апталық баспасөз конференциясында АҚШ-тың Қытайға қарсы қолданып жатқан шараларына сілтеме жасап: "Бейжің өз мүдделерін сақтап қалу үшін барлық мүмкін шараларды іске асырады. АҚШ-тың сауда саласындағы жаңа әдісімен күресуде өз қабілеті мен мүмкіндіктеріне сенімді",- деп мәлімдеді.

ҚХР Сауда министрлігінің ақпарат өкілі АҚШ-тың келіссөздер жүргізу арқылы арадағы қайшылықтарды шешу мақсатында Бейжіңмен келісімге келетіндігіне үміт білдірді.

Мұның алдында Трамп осы елге болат пен алюминий импортының тарифтерін арттырды. Бұл әрекет Еуропа одағы мен Вашингтонның басқа да сауда серіктестері мен оның сауда бәсекелесі Бейжіңнің қарсылығын тудырған болатын.