Путин Ресейде үрей тудыруға бағытталған сыртқы әрекеттерге реакция білдірді
(last modified Thu, 29 Mar 2018 13:11:18 GMT )
Нау 29, 2018 19:11 Asia/Almaty
  • Путин Ресейде үрей тудыруға бағытталған сыртқы әрекеттерге реакция білдірді

Ресей президенті әлеуметтік желілерде бұл елде үрей мен тынышсыздықтар тудыру мақсатындағы сыртқы әрекеттерді айыптады.

Ресей президенті Владимир Путин Сібір аймағында орын алған өрт оқиғасы туралы осы елдің басшыларымен өткізген отырысында: "Әлеуметтік желілерде, әсіресе елден тыс әлеуметтік желілерде халық арасында үрей, қорқыныш пен келіспеушіліктер тудыру мақсатында түрлі хабарлардың таралуын байқап отырмыз",- деді.

Ресей президенті мемлекеттік басшылардан Сібір аймағында орын алған өрт оқиғасына қатысты толық әрі айқын тергеу жұмыстарын жүргізуін сұрады. Сібір аймағының Кемерово қаласындағы сауда орталығында орын алған өрт салдарынан 64 адам қаза болды. Ресей үкіметі өз мәлімдемесінде оқиға құрбандары жақындарының қайғыларына ортақтастық білдіріп, үш күнді аза тұту күндері деп жариялады.