Трамптың АҚШ-тағы беделі қатты төмендеуде
(last modified Fri, 30 Mar 2018 12:44:44 GMT )
Нау 30, 2018 18:44 Asia/Almaty
  • Трамптың АҚШ-тағы беделі қатты төмендеуде

Соңғы сауалнама нәтижелеріне сәйкес, АҚШ халқының жартысынан көбі ел президенті Дональд Трамптың келесі президенттік сайлауда жеңіліс табатындағына сенімді.

CNN арнасы жүргізген сауалнама нәтижелері америкалықтардың жартысынан көбінің Трамптың 2020 жылғы сайлауда өз партиясының атынан шыға алмай, бұл  қызметке басқа адамдардың жолы болатындығына сенімді екенін көрсетті. CNN арнасының сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың 54 пайызы Трамп алдағы президенттік сайлауда жеңіліс табады деп мәлімдесе, халықтың 40 пайызы оның жеңіске жететіндігіне сенімді болған.

CNN арнасы бұл сауалнаманы 2018 жылы наурыздың 22-25 күндері жүргізді.

Gallup институты да жуырда Трамптың беделі 1953 жылдан қазіргі кезге дейінгі президенттер арасындағы ең төмен көрсеткішке ие деп мәлімдеген болатын.