Мәскеу Батыс елдеріне Ресейде футболдан әлем чемпионатының өткізілмеуіне талпыныс жасауына ескерту жасады
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова жексенбі күні кейбір Батыс елдерінің Ресейде футболдан әлем чемпионаты өткізілуінің алдын алуға талпыныс жасап, кейбіреуінің осы салада бар күштерін салып жатқанын мәлімдеді. Ол Батыс елдерінің Ресейді оқшаулау әрекеті мен футболдан әлем чемпионаты өткізілуінің алдын алуды Батыстың ешқашан жете алмайтын негізгі мақсаты деп атады.
Мәскеудің Батыс елдерінің шынайы мақсатын баса айтуы олардың кез-келген мүмкін жолмен Ресейді жан-жақтан әлсірету үшін жасап жатқан ашық әрі жасырын талпынысын көрсетіп отыр. Батыстықтар Ресейде наурыздың он сегізі өткен президенттік сайлауға дейін елде тынышсыздық тудырып, Ресей халқының өз үкіметіне қарсы наразылықтарын арттыруға бар күшін салды. Алайда сайлау нәтижелері, яғни Владимир Путиннің Ресей халқының 77 пайыз дауысын жинап, бұрын-соңды болмаған көрсеткішпен жеңіске жетуі АҚШ пен Еуропаның ауқымды үгіт-насихаттық және саяси талпыныстарын үлкен жеңіліске ұшыратты. Енді Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызының Ұлыбританияның Сольсбери қаласында улану оқиғасының орын алуымен батыстықтардың Мәскеуді осы оқиғаның себепкері ретінде айыптау үшін халықаралық толқын тудырып, Ресейді барынша оқшаулау мақсатындағы шараларды арттыруға жасап жатқан талпыныстарына куә болып отырмыз. Ресейдің жоғары шенді шенеуніктері батыстықтардың Ресейде маусымның он төрті күні футболдан әлем чемпионатының басталуына аз уақыт қалған қазіргі кездегі мақсаты чемпионатқа қатысушы елдер тарапынан бұл әлемдік сайысқа бойкот жариялау үшін шиеленісті кеңістік тудыру деген пікірде. Қазіргі саяси-дипломатиялық дағдарыста Батыс елдерінің көшбасшылығын өз мойнына алған Ұлыбритания осы салада айтарлықтай талпыныс жасап, кейбір елдерді өзіне жақтас етті. Лондонның бұл әрекеттегі діттегені Мәскеуге барынша көбірек әрі жан-жақты санкция жариялау, әсіресе Ресейде 2018 жылы өткізілетін футболдан әлем чемпионатына бойкот жариялау үшін қажет сылтау табу болып табылады. Қазіргі таңға дейін Ұлыбританиямен қатар Польша, Исландия, Дания, Швеция, Аустралия мен Жапония – үкіметтері футболдан әлем чемпионатына бойкот жариялаған алты ел. Мұндай жағдайда аталмыш елдердің ресми басшыларының Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатыспайтыны болжанып отыр. Ресей футбол одағының вице-президенті Никита Симонян Ұлыбританияның өз одақтастарынан футболдан әлем чемпионатына бойкот жариялау туралы өтініші жайлы: "Олар спорттың саясаттан бөлек болуы туралы уәж айтқанымен, енді батыстықтар өз уәждеріне қайшы спортты өздерінің саяси және үгіт-насихаттық қаруы ретінде Ресейге қарсы қолдануда",- деді. Керісінше, Мәскеу бұл мәселеге қатысты Лондонның Ресей үкіметі немесе мемлекеттік қызметкерлерінің Скрипаль мен оның қызының улануына қатысы болғаны туралы нақты дәлелдерді ұсынбағанына табандылық танытып отыр. Химия ғылымдарының докторы Леонид Ренктің айтуынша, Сергей Скрипальдың улануынан Ресейге ешқандай пайда жоқ. Ресей осындай шешуші сәтте, яғни футболдан әлем чемпионаты қарсаңында осындай іске бара алмас еді. Енді 2018 жылы Ресейде футболдан әлем чемпионаты басталғанға дейін батыстықтардың оған бойкот жариялау үшін бар күшін салатыны күтілуде. Мәскеу бұл талпыныстардың соңында нәтижесіз болып, Ресейдегі осы әлемдік деңгейдегі спорт шарасының барынша салтанатты түрде өткізілетіндігіне сенімді.