Сирия дағдарысын шешу тақырыбында Иран, Ресей және Түркияның үшжақты отырысы өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i35946-Сирия_дағдарысын_шешу_тақырыбында_Иран_Ресей_және_Түркияның_үшжақты_отырысы_өтеді
Иран, Ресей және Түркия президенттері Сирия дағдарысын талқылауға қатысты үшжақты келіссөздердің жаңа кезеңінде Реджеп Тайып Эрдоғанның шақыруымен бүгін сәуірдің 4 күні Анкарада кездеседі.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 04, 2018 17:50 Asia/Almaty
  • Сирия дағдарысын шешу тақырыбында Иран, Ресей және Түркияның үшжақты отырысы өтеді

Иран, Ресей және Түркия президенттері Сирия дағдарысын талқылауға қатысты үшжақты келіссөздердің жаңа кезеңінде Реджеп Тайып Эрдоғанның шақыруымен бүгін сәуірдің 4 күні Анкарада кездеседі.

 

 

Түркия  Президенті Реджеп Тайып Эрдоған, Ресей Президенті Владимир Путин мен Иран Президенті Хасан Рухани қатысатын бұл отырыста Сириядағы соғысты тоқтату, бұл елдің территориялық тұтастығын сақтау және келтірілген нұқсандарды бағалау сияқты мәселелер қарастырылады.

Иран, Түркия және Ресей Сыртқы істер министрлерінің үшжақты отырысы сейсенбі күні Анкарада өтті.

Анкара отырысы – Сирия дағдарысына қатысты  Астана келіссөздері мен 2017 жылдың қараша айында өткен Сочи отырысының жалғасы. Теһран, Мәскеу және Анкараның бастамасымен Сирия мәселесін саяси жолмен шешуге қатысты ДАИШ-пен қарсыласу және сириялық топтар арасында келіссөздер өткізу сынды екі стратегиялық мақсатты жүзеге асыруда сәттілікке қол жеткізді.

 

Ресейдің Шығыстану орталығының сарапшысы және араб елдері істері жөніндегі маманы Константин Труевцев бұл талпыныстардың маңыздылығы туралы: "Астана келіссөздерін жалғастырудың мақсаты – АҚШ сияқты мемлекеттер үшін Сирия жүйесінің майдандағы табыстарын дәлелдеу. Бұл мәселе Женева келіссөздеріне көмектесе алады",- деді.

АҚШ, Сауд Арабиясы және Израиль үштігінің ДАИШ арқылы Сирия жүйесін өзгерту жобасы сәтсіздікке ұшырады. Керісінше, Сирия мен Иракқа қауіпсіздікті қайтаруды көздеген аймақ пен халықаралық стратегиялардың әсерлі болғанын дәлелдеді. Бұл салада БҰҰ-ның қолдауына ие болған Иран, Ресей және Түркияның ынтымақтастықтары Сирияда аймақтық жолдарды пайдалануға мүмкіндік тудырды. Бұл келіссөздердің стратегиялық маңызы ұзақ мерзімде ұжымдық қауіпсіздікті қолдайтын аймақ ойыншыларының рөліне сүйенуіне байланысты.

Ресейдің Халықаралық қарым-қатынастар институтының Шығыстану орталығының ұстазы Ирина Звягельская: "Иран, Ресей және Түркия Астана бейбіт келіссөздері үдерісін ұйымдастырды. Соның арқасында Сирияда қақтығыстар азайып, қауіпсіз аймақтар пайда болып, гуманитарлық көмектер жеткізіліп, аймақ тұрғындары арасында таратылды",- деді.

Анкара отырысын Сирия дағдарысын шешу саласындағы табыстарды жалғастыру деп бағалауға болады. 

Ресейдің халықаралық мәселелер жөніндегі маманы Сергей Бабурин: "Лаңкестердің Сириядағы бақылауға алған жерлерінен айырылуы Мәскеу мен Теһранның және Анкараның  талпыныстарының нәтижесі болды",- деді