Қытай мен Ресей Американың «Ортақ қадам» келісімін өзгерту мақсатындағы талпынысын айыптады
Қытай мен Ресей СІМ Американың «Ортақ қадам» ядролық келісімін біржақты түрде өзгерту мақсатындағы талпынысын айыптады.
Ресей СІМ интернет торабының мәліметіне сәйкес, Ресей СІМ Сергей Лавров қытайлық әріптесі Ван Имен Мәскеуде кездесуінде «Ортақ қадам» ядролық келісіміне қатысты келіссөздердің көп жылға созылғанын тілге тиек етіп, осы келісімді біржақты түрде өзгерту жолындағы кез келген талпыныстың оның баптары мен БҰҰ-ның резолюциясын бұзатынын қуаттады.
Ресейдің дипломатиялық органының басшысы Америка президенті Дональд Трамптың өзінің мүдделерін ілгерілету үшін «Ортақ қадам» ядролық келісімінің баптарын өзгерту үшін талпыныс жасап жатқанын, біржақтылықтың әрдайым, әсіресе шетелдік саясаттың негізгі құралына айналған кезде жаман екенін айтты.
Қытай СІМ Ван И де Дональд Трампты сыртқы саясатта біржақты саясат ұстануы мен сауда саласындағы протекционизмдігі үшін сынап, Трамптың есептеулерінің үнемі қате болғанын қуаттады.