Мәскеу Иран және Түркиямен ұлттық валюталары арқылы сауда жасау тақырыбын қарастыруда
Сәу 08, 2018 09:44 Asia/Almaty
Ресейдің Энергетика министрі елінің Иран мен Түркияның мұнайының қаржысының ақысын ұлттық валюталары арқылы төлеу тақырыбын қарастырып жатқанын мәлім етті.
Аl-Аlаm арнасының мәліметіне сәйкес, Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак тараптардың бұл іске ықылас танытып отырғанын, бірақ, валюталарды ауыстыру және оларды келесі жолы қолдану мәселесінің қалатынын айтып: «Ортақ түсіністік бар. Алайда біз ұлттық валютаны есептесулерімізде пайдалануды қажет етеміз. Бұл қажеттілік болып тұр. Қарсы тараптар да ынталы. Бұл Иран мен Түркия үшін де маңызды. Біз барлығын ұлттық валютамен төлеуді қарастырып жатырмыз. Ол үшін қаржы-экономика және банк салалары бойынша алғышарттар қажет» деді.
Тегтер