АҚШ Иран мен араб елдерінің қарым-қатынасын бұзуды көздейді
(last modified Sun, 08 Apr 2018 08:37:52 GMT )
Сәу 08, 2018 14:37 Asia/Almaty
  • АҚШ Иран мен араб елдерінің қарым-қатынасын бұзуды көздейді

АҚШ үкіметі соңғы күндері араб елдерімен қарым-қатынасындағы қайшылықтарды жою, сонымен бір мезгілде бұл елдерді Иранға қарсы позиция ұстануға арандату үшін жаңа әрекеттер жасай бастады.

Араб елдері басшыларының Вашингтонға сапарларының көбі осы мақсатта жүзеге асырылды. Олардың ең соңғысы – Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің Мұхаммад бен Салманның АҚШ-қа сапары.

Ақпараттық және саяси орталар бұл қимылдарды Сауд Арабиясының рөлі арқылы АҚШ пен Иран текетіресінің жаңа кезеңінің басталғанымен бірдей деп санайды. АҚШ үкіметіндегі кейбір дереккөөздері жуырда Дональд Трамптың Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдерден Иранмен қарым-қатынастарын толық тоқтатуын сұрағанын әшкере етті.

Осы дереккөздерінің мәліметі бойынша, Трамп Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінде туындаған дағдарыста бұл елдердің арасындағы қайшылықтарды Иранмен күресуге бағытталған біртұтас майдан құру арқылы шешуге талпыныс жасады.

Кувейттің Ar Rai газеті аталмыш дереккөздеріне сілтеме жасап, осы тақырыпты баяндап: «Жуырда Абу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммад бен Заидпен кездесетін Трамп Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдерден Иранмен қатынастарын мүлдем үзуді сұрап отыр»,-деп жазды.

Трамп Ақ үйде саудиялық тақ мұрагерін қарсы алған кезде Сауд Арабиясы мен Катардың қайшылығын шешемін деп үміттенгенімен осы кездесуге дейін болған келіссөздер Трамптың талпынысын зая кетірді. Ақырында  саудиялық тақ мұрагері мен АҚШ Президенті Парсы шығанағындағы араб елдерінің Иранға қарсы тұру үшін бірігуі қажеттігін айтумен шектелді. 

Шындық мынада: АҚШ-тың Сауд Арабиясымен қарым-қатынас түрі АҚШ-тың қатысуымен Парсы шығанағында біртұтас күш құру сияқты идеялармен тығыз байланыста.

НАТО-ның бұрынғы аға қолбасшысы Джеймс Джонстың айтқаны осы қимыл-әрекеттердің мақсаттарын ашық көрсетеді.  Ол бір жыл бұрын «Парсы шығанағындағы НАТО ұйымы» деген атпен НАТО-ға ұқсас ұйымды Парсы шығанағында құру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Әрине, өздеріне қолайлы жағдай жасауды көздейтін Сауд Арабиясы мен кейбір араб елдері бұл ұсынысты қолдай жөнелді. Алайда, бұл үдерісте Парсы шығанағы аймағындағы араб елдерінің барлығы АҚШ пен Сауд Арабиясына жақтасып отырған жоқ. Үш ел – Оман, Катар мен Кувейттің осы жөніндегі ұстанымдары арадағы айырмашылықтарды көрсетеді. 

АҚШ саяси ойында өзінің аймақтың ісіне араласуындағы шығындарын араб елдерінің мойнына асып қоюға күш салып жатыр. Бұл – Трамптың сайлауалды науқан кезінде айтқан саясатының бір бөлігі.

Лондонда шығатын Ar Rai Al Youm газеті бұл істі Парсы шығанағы маңындағы елдер үшін Иран қатерімен күрес тақырыбында құрылған жаңа тұзақ деп атады. Осы газеттің интернет сайты саяси сарапшы әрі жазушы Абдулбари Атван жазған мақалада: «АҚШ кірісуге дайындалып жатқан жаңа күрес Сирияның жерінде емес, Парсы шығанағы аймағында Иранға қарсы болуы мүмкін»,-деді.

АҚШ өткен қырық жылдың ішінде бірнеше рет аймақта қауіпсіздік тудыруды көздемейтінін, шынайы қатерлермен күресу үшін ешбір әсерлі қадам жасамағанын көрсетті. Өйткені, оның өзі осы қатерлерді қару-жарақ сатып, қару жасаушы компаниялардың мүдделерін кепілдендіруге жағдай жасау үшін тудырды.