Зариф: Бразилиялық компаниялардың Иранның нарығына кіруін қолдаймыз
https://itolqyn.com/news/world-i36104
ИИР Сыртқы істер министрі сейсенбі күні Бразилияда өткен Иран мен Бразилияның ортақ сауда конференциясында өз елінің әртүрлі жобаларға Бразилиямен қосылып, инвестиция салуға дайын екенін қуаттап, бразилиялық компаниялардың Иранның нарығына кіруін қолдайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 11, 2018 15:47 Asia/Almaty
  • Зариф: Бразилиялық компаниялардың Иранның нарығына кіруін қолдаймыз

ИИР Сыртқы істер министрі сейсенбі күні Бразилияда өткен Иран мен Бразилияның ортақ сауда конференциясында өз елінің әртүрлі жобаларға Бразилиямен қосылып, инвестиция салуға дайын екенін қуаттап, бразилиялық компаниялардың Иранның нарығына кіруін қолдайтынын мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф басқосуға ИИР-ның үкіметтік және жекеменшік бөлімдерінің экономикалық белсенділерінің тобымен қатысып отырғанын айтып: "Екі жақтың экономикалық саладағы белсенділерінің бұл басқосуға қатысуы Иран мен Бразилияның экономикалық қарым-қатынастарын арттыру үшін екі елдің жекеменшік бөлімдерінің рөлін арттыру саласындағы ортақ саяси жігерді көрсетеді",- деді.     Зариф сондай-ақ, Бразилияның әлемнің үлкен дамушы экономикасының бірі екендігіне сілтеме жасап: "Қазіргі таңда Иран – Таяу Шығыс аймағындағы Бразилияның бірінші сауда серіктесі. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2 миллиард 600 миллион долларға жетті» деді.