Бразилия Иранның ядролық жұмыстарына қолдау танытты
(last modified Wed, 11 Apr 2018 15:36:22 GMT )
Сәу 11, 2018 21:36 Asia/Almaty
  • Бразилия Иранның ядролық жұмыстарына қолдау танытты

Иранның СІМ Бразилия президентімен кездесуде Иран мен Бразилия байланыстарының экономикалық терең байланыстарға айналуына, екі ел арасында сауда балансын қалыптастыруға мүдделік танытты.

Иран СІМ-нің Ақпараттық дипломатия Бас кеңесінің мәліметі бойынша, Мохаммад Джавад Зариф сейсенбі күні түнде Бразилия президенті Мишел Темермен Бразилияда кездесуінде банктік кедергілерді жоюды, соның ішінде екі ел арасында брокерлік байланыстарды қалыптастыруды сұрады.

Зариф Иран мен Бразилия арасындағы серіктестіктерге, соның ішінде энергетика, транзит, ауылшарушылығы, дамыған технологиялар салаларындағы серіктестіктерге тоқталып, екіжақты ынтымақтастықтарда банктік кедергілерді жою қажеттігін қуаттады.

Иранның дипломатиялық аппаратының басшысы сондай-ақ, Бразилия үкіметінің ИИР-ның ядролық бейбіт технологияға ие болу құқығына қатысты ұстанымына алғыс айтып, саяси келіссөздер мен пікірлесуді  жалғастыруға ынта білдірді.

Бразилия президенті Мишел Темер де екі жақты, әсіресе мұнай мен газ саласындағы серіктестіктерді арттыруды қуаттап, екі ел арасындағы саяси-экономикалық делегациялармен алмасуды екі ел байланыстарының жақындап, тереңдей түсуіне себеп болатынын мәлімдеді.