Адел әл-Джубейр Арабстанның Йемендегі соғысы туралы жаңа уәж айтты
https://itolqyn.com/news/world-i36116
Сауд Арабиясының СІМ Адел әл-Джубейр елінің Йеменге БҰҰ-ның Жарғысы негізінде әскери тұрғыдан араласқаны туралы уәж айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 11, 2018 22:07 Asia/Almaty
  • Адел әл-Джубейр Арабстанның Йемендегі соғысы туралы жаңа уәж айтты

Сауд Арабиясының СІМ Адел әл-Джубейр елінің Йеменге БҰҰ-ның Жарғысы негізінде әскери тұрғыдан араласқаны туралы уәж айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Сауд Арабиясының СІМ сейсенбі күні Парижде «Йемендегі заңды үкімет Арабстаннан қолдау көрсетуді сұрағанда Рияд өзінің қолдауын БҰҰ-ның 59-бабына сәйкес жүзеге асырды» деген уәж айтты.

Елі Йеменде әлі қылмыс жасап жатқан Адел әл-Джубейр саудиялық коалиция әрекеттерінің халықаралық гуманитарлық заңдар аясында орындалып жатқаны туралы уәж айтты.

Сауд Арабиясы СІМ-нің жаңа уәждерімен бір мезгілде йемендік адам құқығы тобы сейсенбі күні Саудия тақ мұрагерінің Париж сапарымен тұспа-тұс Мохаммад Бен Салманның үстінен Франциядағы сотқа шағым түсіріп, саудиялық тақ мұрагерін Йемендегі азаптаулар мен адамшылыққа жат әрекеттермен айыптады.