Ресей Президенті Нетаньяхуға ескерту жасады
(last modified Thu, 12 Apr 2018 09:31:45 GMT )
Сәу 12, 2018 15:31 Asia/Almaty
  • Ресей Президенті Нетаньяхуға ескерту жасады

Ресей Президенті Владимир Путин сионистік режимнің Премьер-министріне ескерту жасап, оны аймақты тұрақсыздандыратын шаралардан бас тартуға шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Кремль сарайы Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Ресей Президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сұхбаттасқанын айтып: "Тараптар Сирия мәселесі, соның ішінде сионистік режим әуе күштерінің жуырда Сирияның Хомс облысында орналасқан Тайфур әуе базасына жасаған шабуылына қатысты пікір алмасты",-деді.

Осы мәлімдеме бойынша, Владимир Путин Нетаньяхуға Сирияның егемендігіне құрметпен қараудың аса маңызды екенін баса айтқан.

Ресей Президенті Нетаньяхуды Сириядағы жағдайды одан ары тұрақсыздандыруға себеп болатын және осы елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген шарадан бас тартуға шақырды.