Ақ үй: Сирияға қатысты соңғы шешім әлі қабылданған жоқ
(last modified Thu, 12 Apr 2018 09:42:43 GMT )
Сәу 12, 2018 15:42 Asia/Almaty
  • Ақ үй: Сирияға қатысты соңғы шешім әлі қабылданған жоқ

Ақ үйдің ақпарат өкілі Сара Хакаби Сандерс АҚШ-тың Сирияға шабуыл жасау туралы әлі қорытынды шешім қабылдамағанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сандерс баспасөз конференциясында: "АҚШ қолда бар мәліметтер бойынша Ресей мен Сирия Президенттерін осы химиялық шабуылға жауапты санайды. Ресейліктер өздерінің аталған жағдайға біршама жауапты екенін растады. Олар Сирияның химиялық қаруды ендігәрі пайдаланбайтындығына кепілдік берген болатын",-деген уәж айтты.

Ақ үйдің ақпарат өкілі Сирияға қарсы барлық таңдау жолдарының талқыланып жатқанын айтты. 

Сандерс АҚШ-тың кейбір басшыларының өз елдерінің Сириядағы химиялық шабуылға қатысты құжаттар мен куәларды әлі қарастырып жатқаны туралы айтқан сөздеріне тоқталып: "Ақ үй құжаттарды жеткілікті көлемде талдап, шабуылға жауапты адамға қатысты бір нәтижеге жетті",-деді.