Сирия: АҚШ – әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке төнген қауіп
Сирия Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың жуырдағы әрекеттері бұл елдің ахлақтық принциптерге берік болмауымен қатар, ақыл-парасаттан толығымен жұрдай екенін көрсетті. Бұл мәселе белгілі бір дәрежеде әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке төнген қауіп саналады.
АҚШ үкіметі және Франция мен Ұлыбритания секілді одақтастарының пайымдауынша, олар өз сөздері мен әрекеттері арқылы Сирия Әскерінің күресу үдерісін лаңкестік арқылы тоқтата алады. Алайда Сирия үкіметі бұл әрекеттерге қарамастан лаңкестікпен күресті жалғастыруда",- деп қуаттады.
АҚШ өзінің кезекті айла-шарғысында Сирияны Дамаск облысының Шығыс Ғуте аумағында химиялық қару пайдаланды деп айыптап, Сирия үкіметіне осы әрекетіне жауап берілетінін айтып, қоқан-лоққы жасады.