Ресей Батыс елдері коалициясының Сирияға жасаған шабуылына реакция білдірді
АҚШ-тағы Ресейдің елшісі АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның Сирияға жасаған шабуылына реакция білдіріп: "Сирияға жасалған шабуыл міндетті түрде ауыр салдарға соқтырады",- деп мәлімдеді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, АҚШ-тағы Ресей елшісі үш батыс елінен құралған коалицияның сенбі күні таңертең Сирияға жасаған шабуылына білдірген алғашқы реакциясында: "Алдын-ала құрылған жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәскеу мұндай әрекеттің ауыр салдарға соқтыратыны туралы ескерту жасаған болатын",- деді.
Анатолий Антонов бұл әрекеттің бар жауапкершілігінің Вашингтон мен Лондон және Париждің мойнында екенін баяндап: "Ресейдің ең үлкен алаңдаушылығы іске асып, Мәскеудің ескертулері нәтижесіз болып шықты",- деді.
АҚШ-тағы Ресейдің елшісі сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путинді қорлауды қабылдауға келмейтін әрекет деп атап: "АҚШ ең ірі химиялық қару қоймасына ие ел ретінде ахлақтық тұрғыдан басқа елдерді кінәлауға ешқандай қақысы жоқ",- деп баса айтты.
Сонымен қатар Ресейдің әскери және дипломатиялық органдары АҚШ-тың Сирияға жасаған әскери шабуылына байланысты бұл елдің Сирияның Тартус айлағында орналасқан базасынан әскери кемелердің шыққаны туралы мәліметті теріске шығарды.