АҚШ-тың Сирияға шабуыл жасауы – бұрынғы қателігін қайталауы
(last modified Sat, 14 Apr 2018 12:01:46 GMT )
Сәу 14, 2018 18:01 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сирияға шабуыл жасауы – бұрынғы қателігін қайталауы

Бірнеше күндік дау-жанжал мен қоқан-лоққыдан АҚШ Әскері Сирияға қарсы шабуыл жасады.

АҚШ президентің Дональд Трамп Шығыс Ғуте аймағындағы Дума қаласына жасалған химиялық шабуылды сылтауратып, шабуылды жүзеге асыруға бұйрық берді. Оның шешіміне Ұлыбритания мен Франция қолдау көрсетті. Сирия үкіметіне қарсы бүлікшілер осы химиялық шабуылдың салдарынан кемінде 70 адамның қаза болып, 500 адамның жараланғаны туралы уәж айтты. Ешбір тәуелсіз ақпарат көзі бұл уәжді растамаған жағдайда олар Сирия Әскерін осы оқиғаға жауапты деп атады. АҚШ пен одақтастарының Сирияға қарсы шабуылынан бірнеше сағат бұрын ғана халықаралық инспекторлар бұл елге келіп жеткен болатын. АҚШ бастаған коалиция шабуылды тексеріс әлі аяқталмаған жағдайда бастады.

Басқаша айтқанда, АҚШ тек телеарна арқылы көрсетілген бір топ адамның хлор газымен уланған адамдарға медициналық көмек көрсетіп жатқан бірнеше минуттық суреттер негізінде, оның үстіне БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепіл беруші жалғыз орган ретінде мұндай әрекетке рұқсат бермеген жағдайда БҰҰ-на мүше әрі тәуелсіз мемлекетке шабуыл жасады. Бұл әрекет мемлекеттердің ұлттық егемендігін ресми түрде мойындайтын БҰҰ-ның жарғысы мен барлық халықаралық заңдарға қайшы келеді.

Бұл америкалықтардың қате мәліметтер негізінде және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңістік тудыру арқылы бір елді өз шабуылының нысанасына алған алғашқы жағдай емес. 15 жыл бұрын да АҚШ-тың сол кездегі үкіметі "Ирак режимі жаппай қырып-жою қаруына ие" деген уәж айтып, тәуелсіз мемлекетке әскери басқынышылық жасады. Алайда америкалықтар Ирак жерін түгел барлағаннан соң бұл қарулардың ешқандай нышанын таба алмады. Біраз уақыт өткен соң Иракқа шабуыл жасаған кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған Колин Пауэлл 2003 жылы сәуірде өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысында айтқан сөздерінің жалған болғанын мойындады. Америкалық басшылардың осындай өтіріктері Ирактың талқандалып, 1 миллион адамының қаза болып, америкалық салық төлеушілердің ақшасынан 7 триллион доллардың зая кетіп, Батыс Азия аймағының бейберекеттікке ұшырауына соқтырды.

Өткен жылы да Трамп қазіргі оқиғаларға ұқсас айтқан уәжінде Хан-Шейхун қаласына жасалған химиялық шабуылға қарсы реакция білдіру мақсатында Сирияға зымырандық шабуыл жасау туралы бұйрық берген болатын. Бірақ, АҚШ-тың бұл зымырандық шабуылы Сириядағы әскери билік теңгерімін өзгертпеуімен қоса, Сирия Әскерінің әскери саладағы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуіне себеп болды. Сол себепті АҚШ-тың өткен жылы Сирияға қарсы жасаған шабуылы өзі үшін нәтижесіз болды деп бағаланды. Дәл сол сияқты кейбір саясаткерлер мен әскери сарапшылар сенбі күні таңертең Дамаскке жасалған шабуылды да нәтижесіз деп бағалап отыр.

АҚШ-тың Өкілдер палатасындағы демократтар азшылығының жетекшісі Нэнси Пелоси былай дейді: "Бір түн ішінде жасалатын әуе шабуылдары Сирияға қатысты жан-жақты стратегияның орнын баса алмайды. АҚШ президенті Конгреске келіп, әскери шара қолдану туралы рұқсат алуы тиіс".

Алайда бұрынғы қателіктерінің америкалық басшылар үшін сабақ болуы неғайбіл.