АҚШ, Ұлыбритания және Францияның Сирияға қарсы шабуылына наразылық шеруі өтті
Көптеген елдердің халқы АҚШ, Ұлыбритания және Францияның Сирияға қарсы шабуылын айыптады.
Америкалық азаматтар Сирия халқын қолдап, өз елі президентінің Сирияға заңсыз шабуыл жасау туралы бұйрығына жиіркеніш білдіріп, Ақ үйдің алдына жиналып, наразылық білдірді. Чикаго халқы да шеруге шығып, АҚШ Президентінің Сирияға шабуыл жасауға қатысты біржақты әрекетін бәсекелестік деп атады.
Лондонда қарсылас партиялар мен көптеген үкіметтік емес ұйымдар Британия Премьер-министрінің АҚШ-пен қосылып, Сирияға жасаған заңсыз шабуылын айыптады.
Франциядағы наразылықтар полициямен қақтығысқа ұласты. Монполье қаласында АҚШ пен одақтастарының қлымыстарына наразылық білдірген 51 наразыны құрықтап, кейбіреулерін газбен уландырды.
Грекия, Чили, Иордания, Германия, Малайзия, Үндістан, Палестина, Тунис, Бахрейн және Ауғанстанда да халық шерулерге шығып, Сирияға қарсы қылмыстарды айыптады.
Дума азат етілгеннен тек бір күн өткен соң сенбі күні таңертең АҚШ, Британия және Франция шамамен 110 зымыранды Дамасктің әртүрлі аймақтарына атты.