Рухани: АҚШ, Франция мен Ұлыбританияның Сирияға жасаған шабуылы – басқыншылық
ИИР президенті Хасан Рухани АҚШ, Франция мен Ұлыбританияның «Сирия үкіметі химиялық қару пайдаланды» деген сылтаумен осы елге қарсы жасаған шабуылын басқыншылық сипаттағы және сол елдегі жеңіліс тапқан лаңкестерді рухтандыру мақсатында жасалған әрекет деп атады.
Хасан Рухани жексенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатта: "Егер басқыншылық пен халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу оңай және оны жүзеге асырушылар үшін ешқандай шығынсыз орын алатын болса, халықаралық жүйе мен аймақта жаңа тұрақсыздық жағдайларға куә боламыз.
Америкалықтардың басқыншылық әрекеттері олардың лаңкестермен тікелей байланысты екенін дәлелдеп, лаңкестердің Шығыс Ғуте секілді маңызды аумақтан айрылғанын сезгенде олар осындай реакция көрсетті",- деді.
Ресей президенті Владимир Путин де Иран мен Ресейдің көптеген аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты ортақ көзқарасқа ие екендігіне тоқталып: "АҚШ пен Батыс елдерінің кез келген сылтаумен Сирияға шабуыл жасауы халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу саналады.
АҚШ пен одақтастарының бұл әрекеті – халықаралық қылмыс, басқыншылық, ал Сирияда химиялық қару пайдаланылды деген сылтау негізсіз әрі шындыққа жанаспайды",- деп баса айтты.