Ресейдің жүк тасымалдайтын ұшақтарын НАТО-ға жалға беру тоқтатылады
Мәскеу мен НАТО ұйымы арасындағы қатынастардың шиеленісуіне байланысты Ресей осы жылдың соңынан бастап бұл ұйымға жүк тасымалдайтын ұшақтарды жалға беруді тоқтатынын мәлімдеді.
Кең фюзеляжды жүк тасымалдайтын ұшақ өндіретін әлемдік ірі компаниялардың бірі "Волга-Днепр" әуе компаниясы өз мәлімдемесінде: "Солтүстік Антлантикалық Келісім Ұйымымен (НАТО) арадағы қатынастарды тоқтатудың себебі мынада: бұл компания азаматтық авиацияның комерциялық әуе тасымалындағы өз үлесін арттырып, өз өнімдерін нарықтың осы бөлігінде таратуға мүдделі болып отыр",- деді. Осы шешімге сәйкес, ресейлік компания НАТО-ға мүше он мемлекетке АН-124 ұшақтарын жалға беру туралы келісімнің мерзімін ұзартпайды.
Келісімнің мерзімі 2006 жылдан бастап жыл сайын ұзартылып келді. Келісімдегі он мемлекетке Германия, Франция, Бельгия, Чехия Республикасы, Венгрия, Люксембург, Норвегия, Польша, Словакия мен Словения кіреді.