Сәу 21, 2018 22:04 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея зымырандық және ядролық сынақтарын тоқтатты

Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі сенбі күні таңертең елінің бүгін сенбіден бастап ядролық және зымырандық сынақтарын кейінге қалдырып, елдің солтүстігінде орналасқан бір ядролық сынақ орталығын жабатынын хабарлады.

ИРНА-ның мәліметіне сәйкес, бұл шешім Солтүстік Кореяның Жұмысшылар партиясы Орталық комитетінің жылдық отырысында қабылданды.

Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ын мәлімдеме жариялап: "Пхеньян бұдан былай ядролық және зымырандық сынақтар өткізуді қажет етпейді. Себебі, ядролық қару-жарақ шығару үдерісін аяқтады",- деп жариялаған.

 

 

 

 

 

 

Тегтер