Иран Кабулда болған лаңкестік шабуылды айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бүгін, жексенбі күні Кабулда орын алған лаңкестік шабуылды айыптап, оны адамгершілікке жат қылмыс деп атады.
ДАИШ лаңкестік тобы жексенбі күні Кабулдың батысында дауыс берушілерді тіркейтін орталыққа шабуыл жасады. Ауғанстанның Денсаулық министрлігі бұл лаңкестік шабуылдың салдарынан қаза болғандардың санын 31 адам, жарақат алғандардың санын 57 адам деп жариялады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми Ауғанстан үкіметі мен халқына және лаңкестік әрекеттің салдарынан құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтып, екіжақты, аймақтық және әлем деңгейіндегі талпыныстармен жақын арада аймақ пен әлемдегі лаңкестіктің жойылатындығына үміт білдірді. Бұл – өткен бірнеше күнде Ауғанстанның сайлау орталықтарына жасалып отырған бесінші шабуыл. Бұдан бұрын Талибан топтары елдің Бадғис, Ғур және Нангархар аймақтарына шабуыл жасап, соның салдарынан біраз адам қаза болып, жараланды.
Ауғанстанның парламенттік және жергілікті кеңестерінің сайлаулары екі жыл кейінге қалдырылғаннан кейін 2018-ші жылдың қазан айында өтпек.