Ресей мен Қытай Иранның ядролық келісімін қайта қарауға қарсы
Ресей мен Қытайдың Сыртқы Істер Министрлері Иранның ядролық келісімін қайта қарастыруға қатысты кез келген талпыныспен қарсыласатындықтарын мәлімдеді.
«Спутник» хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресей СІМ Сергей Лавров Бейжіңде өткен хабар брифингінде Ресейдің Америка мен одақтастарының Сирияға жасаған зымырандық шабуылына қатаң теріс жауап бергенін, оны халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзу деп санайтынын мәлімдеді.
Қытай СІМ Ван И де хабар брифингінде халықаралық байланыстарда қандай да болмасын күш көрсетушілік пен БҰҰ бекітпеген кез келген әрекетке қарсы екенін мәлімдеп: «Қытай мен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде ортақ мүдделер мен ұстанымдарға ие. Әлемдік жағдайға, әсіресе қазіргі кезеңдегі халықаралық қауіпсіздікке қарсы жаңа қауіп-қатерлер мен ескі де жаңа қоқан-лоққыларға жауапкершілік сезіммен және өзара құрмет пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау қажеттігі принципі негізінде қатынас жасайды» деді.
Лавров пен Ван И сонымен қатар Пхеньянның ядролық және зымырандық келісімдеріне қатысты шешімдеріне назар аударып, Корей түбегіндегі жағдай туралы сөйлесті.